Accessibility links

Перуде президент сайлауының нәтижелері анықталып жатыр


Перуде жексенбіде өткен президенттік сайлауға дауыс бергендердің бюллетеньдерінің жартысы саналып бітті. Әзірше, алдын ала мәліметтер бойынша, ұлтшылдар партиясының жетекшісі, отставкадағы полковник Ольянта Умала көш бастап тұр. Оған сайлаушылардың 27 пайызға жуығы дауыс берген.

Екінші орынға елдің бұрынғы премьер-министрі Педро Пабло Кучинский шықты, оны сайлаушылардың 23 пайыздан астамы қолдаған.

Осыдан сәл ғана бұрын екінші орында келе жатқан тағы бір кандидат Кейко Фухимори енді үшінші орынға сырғыды. Оның әкесі - елдің бұрынғы президент Альберто Фухимори ауыр қылмыстар жасаған деген айыптар тағылып, қазір түрмеде отыр.

Билік орындары дауыс толық саналып біткенге дейін бұл деректер әлі өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Перудегі президенттік сайлаудың екінші кезеңі маусымның 5-інде өтеді.
XS
SM
MD
LG