Accessibility links

Минск метросындағы жарылыстан қаза болғандар саны 11 адамға жетті


Құрбан болғандарды еске алуға келген жұрт «Октябрьская» алаңына шырақтар жағып, гүл шоқтарын қойды. Минск, 11 сәуір 2011 жыл.
Құрбан болғандарды еске алуға келген жұрт «Октябрьская» алаңына шырақтар жағып, гүл шоқтарын қойды. Минск, 11 сәуір 2011 жыл.
Дүйсенбі күні кешкілік Минскінің метро стансасында болған жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 11 адамға жетті.

Беларусь денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, түрлі дәрежеде жарақат алған 126 адам ауруханаға жеткізілген, олардың 22-і ауыр халде жатыр.

Беларусь құқық қорғау органдарынан алынған ақпарат бойынша, жарылыс қуаты 5-7 килограмм тротилға тең деп бағаланып отыр. Жарылғыш зат қала орталығында президент әкімшілігіне жақын орналасқан «Октябрьская» метро стансасының платформасындағы орындықтардың астына қойылған дейді тергеушілер.

Президент Александр Лукашенко Минскіде шұғыл кеңес өткізіп, қауіпсіздік шараларын күшейтуді және жарылысты тергеуге құқық органдарының бүкіл күш-жігерін жұмылдыруды талап етті.

Минскіде сәуірдің 13-і құрбан болғандарды аза тұту күні деп жарияланды.
XS
SM
MD
LG