Accessibility links

Киевте жүздеген Чернобыль ардагерлері парламентке басып кірмек болды


Чернобыль ардагерлері Жоғары Рада алдында наразылық пикетінде тұр. Киев, 20 қазан 2011 ж.
Чернобыль ардагерлері Жоғары Рада алдында наразылық пикетінде тұр. Киев, 20 қазан 2011 ж.

Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан жүздеген адам бүгін Украина парламенті - Жоғары Рада ғимаратының алдында наразылық пикетіне жиналды.

Өздеріне заңмен белгіленген жеңілдіктерді алып тастауға қарсылық білдірген олар парламенттің ішіне кіруге әрекет жасады. Алайда, полицияның арнайы жасағы олардың жолын бөгеп, ғимаратқа кіргізбей қойды.

Бүгінгі наразылық акциясына қатысу үшін Киевке Украинаның әр аймағынан жиналған Чернобыль ардагерлері өз мақсаттарына жетпейтінше бұл шараны жалғастыра беретіндерін мәлімдеді.

Қыркүйек айында Жоғары Рада депутаттары Чернобыль апатының зардаптарын жоюға көмектескендерге және әлі де апаттан зардап шеккен аймақтарда тұрып жатқан адамдарға берілетін жәрдемақыны қысқартатын заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.

XS
SM
MD
LG