Accessibility links

Байқоңырда мерекелік шаралар өтіп жатыр


Байқоңырда Космонавтика күніне орай мерекелік шаралар өтіп жатыр деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Адам баласының ғарышқа ұшқанына бүгін елу жыл толды. 1961 жылы сәуірдің 12-сінде совет ғарышкері Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа шықты.

БҰҰ Бас ассамблеясы өткен аптада 65-сессиясының арнайы жалпы отырысында сәуірдің 12-сін адамзат тұңғыш рет ғарышқа ұшқан халықаралық ресми күн ретінде белгіледі.
XS
SM
MD
LG