Accessibility links

Минскідегі жарылысқа қатысты бірнеше күдікті ұсталды


Беларусь бас прокурорының орынбасары Андрей Шведов Минскідегі жарылысқа қатысты бірнеше күдікті ұсталды деп мәлімдеді. Бұл туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Дүйсенбі күні Минскідегі метрода болған жарылыстан 12 адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жараланды.

Президент Александр Лукашенко жарылысты "елді тұрақсыздандыру әрекеті" деп атады.

Минскіде сәуірдің 13-і құрбан болғандарды аза тұту күні деп жарияланды.
XS
SM
MD
LG