Accessibility links

Мексика билігі 116 адамды есірткі мафиясы өлтірген деп отыр


Мексиканың билік орындары халықаралық есірткі саудасымен айналысатын, қатыгездігімен атышулы "Зетас" картелін 116 адамды өлтірген деген айыптап отыр. Бұл туралы елдің бас прокуроры Марисела Моралес мәлімдеді.

Қатар жерленген 116 адамның мәйіті Мексиканың солтүстігінде табылған. Биліктің жорамалы бойынша, олар АҚШ-қа есірткі тасымалдаушылардың қолынан қаза болған. Бұл оқиғаға қатысты 17 адам ұсталған.

Былтыр Мексиканың солтүстік-шығысындағы Тамаулипас штатында денесі табылған 72 адамның ажалы да есірткі мафиясынан болғаны кейін анықталған еді.

Ресми деректер бойынша, Мексика билігі есірткі саудасына қарсы арнайы операция бастаған 2006 жылдан бері елде 35 мыңдай адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG