Біз Алаштың аймаңдайы, Арқаның ақтаңкері Серік Ақсұңқарұлының «Айсберг» атты жауһарын оқып, таңдай қақтық. Ал облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің Бас редакторы Владимир Иванович Рыжковтың ерлігі – мүлдем ерек. Риза болдық. Володя әріптесіміз Ақсұңқарұлының «Айсбергін» ресми тілді басылымның 9 сәуірдегі санында қазақша жариялап, айды аспаннан бір-ақ шығарды. Бұл – сенсация! Басқаны қайдам, өз басым қара танығалы орыс тілді басылымдарда қазақ ақындарының өлеңдері қазақ тілінде жарияланғанын көрмеппін.