Accessibility links

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Минскідегі жарылыс туралы мәлімдеме жасады


БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Минск метросында сәуірдің 11-інде жасалған террорлық жарылысты айыптап мәлімдеме жасады.

Алайда бұл жарылысты ұйымдастырған кім болуы мүмкін дегенге қатысты қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің пікірлері әртүрлі болғандықтан, мәлімдемеде метродағы жарылысты «террорлық шабуылға ұқсайтын» деп атаған.

Сонымен бірге мәлімдемеде террорға қарсы шаралар қолданатын елдердің барлығы адам құқықтарын, босқындар құқықтарын және халықаралық гумантиралық құқық талаптарын сақтауы тиіс деп жазылған.

Дүйсенбі күні Минск метросында болған жарылыс салдарынан 12 адам көз жұмып, 150-ден аса кісі жараланды.

Беларусь билігі террорлық жарылысты жасаған деген күдікпен және осы жарылысқа қатысы бар деген болжаммен тағы екі адам ұсталды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG