Accessibility links

Барак Обама бюджет тапшылығын қысқарту жоспарын ұсынды


АҚШ президенті Барак Обама бюджет тапшылығын қысқарту мақсатында алдағы 12 жылда мемлекеттік қарыз көлемін 4 триллион долларға азайтуды ұсынды. Бұл туралы ол сәрсенбіде Вашингтон университетінде мәлімдеді.

Ақ үй басшысының жоспары қорғаныс және денсаулық салаларына жұмсалатын шығындарды азайтып, ауқаттылардан салықты көбірек алуды көздейді.

Республикалық партия өкілдері президент Обаманың бұл жоспарын сынады. Ал Барак Обама бәсекелес партияның бюджет тапшылығын қысқартуға қатысты ұсынысы кедейлер мен қарт адамдардың жағдайын қиындатады деп мәлімдеді.

Қазір АҚШ-тың мемлекеттік қарызының көлемі 14,2 триллион долларды құрап отыр.
XS
SM
MD
LG