Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылдан үш полицей мерт болды


Ауған ресми өкілдерінің айтуынша, елдің шығысындағы Пактия уәлаятында бүгін жергілікті полиция бекетіне жанкештілік шабуыл жасалып, үш полиция қызметкері опат болған.

Жергілікті әкімнің баспасөз хатшысы Пәкістанмен шекаралас Зазай ауданындағы полиция бекетіне кемінде үш жанкешті кісінің шабуыл жасағанын айтты.

Соңғы кездері бүлікшілер қауіпсіздік күштеріне шабуылдарын күшейтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG