Accessibility links

Батыс Қазақстанда су апаты аймағынан 6 мың адам көшірілді


Батыс Қазақстан облысында тасқын су басқан аймақтан алты мыңнан астам адам басқа жерге көшірілді деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі. Министрлік деректері бойынша, 1600-ден астам үйді су басқан.

Бейсенбі күні облысқа келген үкіметтің арнайы тобы көктемгі еріген қар суы мен толассыз жауыннан пайда болған тасқын салдарын жою мәселесін талқылап шұғыл кеңес өткізді деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, жауын-шашын сәуірдің 15-іне дейін жалғасуы мүмкін. Мамандар жақын күндері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстарында көктемгі су тасуынан Орал, Шаған, Деркөл, Есіл, Қалқұтан өзендерінің суы күрт көбейіп, ернеуінен шығуы мүмкін деп ескертеді.
XS
SM
MD
LG