Accessibility links

АҚШ конгресінің қос палатасы даулы бюджетті мақұлдады


АҚШ конгресінің қос палатасы бейсенбі күні 2011 жылға арналған федералдық бюджет жобасын мақұлдап дауыс берді.

Өткен аптада Ақ үй әкімшілігі мен оппозициялық республикалық партия өкілдері өзара ымыраға келіп қабылдаған бюджет жобасында биыл мемлекеттік шығысты 38 миллиард долларға қысқарту көзделген.

Республикалық партияның конгрестегі мүшелерінің ширек бөлігі және демократтардың жартысынан көбі осы жобаны қабылдауға қарсылық білдірді.

Өкілдер палатасында басым дауысқа ие болып отырған республикалық партия орасан зор бюджет тапшылығын азайту үшін шығыстарды күрт қысқартуды ұсынады.

Демократтардың көпшілігі қаржыны өте қатты үнемдеу АҚШ экономикасының дағдарыстан соң қалпына келуін тежейді деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG