Accessibility links

Египет соты Мүбәрәктің партиясын таратты


Египеттің жоғарғы әкімшілік соты бұрынғы президент Хосни Мүбәрәктің партиясын тарату туралы шешім шығарды. Соттың шешіміне сәйкес, бұрын билікте болған Ұлттық демократиялық партияның барлық мүлігі тәркіленіп, үкіметке тапсырылады.

Египет саясатында 1978 жылдан бері басым болып келген партияның таратылуын ақпан айында Мүбәрәкті биліктен кетірген наразылық танытушылар талап етті.

Тұтқындалған Мүбәрәк қазір ауруханада жатыр. Ол жемқорлыққа қатысты тергеуде сұрақтарға жауап беруі тиіс. Мүбәрәктің екі ұлы мен бұрынғы жоғары лауазымды ресми өкілдер де түрмеде тергелмек.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG