Accessibility links

WikiLeaks: АҚШ Сирия оппозициясына құпия қолдау көрсеткен


АҚШ мемлекеттік департаменті Сирия президенті Башар әл-Ассадтың қарсыластарын құпия қаржыландырып отыр деп жазады Вашингтон пост басылымы.

Бұл мәліметті дипломаттардың жасырын жазбаларын жариялап келе жатқан Уикиликс сайты таратқан. Ондағы деректерге қарағанда, мемлекеттік департамент 2006 жылдан бері Лондонда орналасқан сириялық «Барада» спутниктік телеарнасы мен Сириядағы оппозицияның жұмысына 6 миллион доллар құйған.

WikiLeaks мәліметтері бойынша қаржыландыру 2010 жылдың қыркүйегіне дейін жүргізілген. Вашингтон Пост газетінің жазуынша, мемлекетік департамент бұл ақпараттарға қатысты пікір білдіруден бас тартқан.

Сирияда бір айдан аса билікке қарсы наразылық шаралары жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG