АҚШ билігі Сирия президенті Башар Асадтың билігін шайқалтпақшы деген ақпарат шындыққа сай келмейді деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Марк Тонер.
Дүйсенбі күні "Вашингтон Пост" газетінде жарияланған мақалада сириялық оппозицияға Вашингтон қаржылай көмектескен болуы ықтимал деген болжам айтылған еді.
Әйткенмен Тонер сириялықтардың елде демократиялық өзгерістер жасау туралы талабын Ақ үй әкімшілігі қолдайды деп атап көрсеткен.
Дүйсенбі күні Сирияның үлкендігі жағынан үшінші орындағы Хомс қаласында мыңдаған адам наразылық шеруіне жиналып, президент Башар Асад пен қазіргі үкіметтің дереу биліктен кетуін талап етті.
Оппозиция өкілдерінің айтуынша, жексенбі күні Хомста қауіпсіздік күштері қызметкерлерімен қақтығыста 12 адам қаза болған.