Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи өзіне бағынышты әскери күш қоршап тұрған Мисурата қаласына БҰҰ өкілдерін жіберуге уәде етті деп мәлімдеді БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Валери Амос.
Бірақ гуманитарлық көмекті жеткізіп, қаладағы жағдайды анықтау үшін Мисуратада соғыс қимылдарын тоқтатуды сұраған БҰҰ өтінішін орындаудан Каддафи үкіметі бас тартып отыр деп хабарлады ол.
«Хьюман Райтс Вотч» құқық қорғау ұйымы соңғы жеті аптада Мисуратада көтерілісшілер мен Каддафи әскері арасындағы ұрыстар барысында кемінде 267 адам қаза болған деген деректер айтты.
Кеше Мисуратадан мыңға жуық адам көшірілгені айтылды.
Сонымен бірге халықаралық Қызыл Крест ұйымы Мисурата қаласынан алты жүзден астам адамның кетуіне жәрдемдескенін мәлімдеді.