Accessibility links

Ислам Каримовтың қызы Лола әкесін сынаған француз веб-сайтын сотқа берді


Лола Каримова - өзбек президентінің кіші қызы, Өзбекстанның ЮНЕСКО ұйымындағы елшісі. Париж, 8 сәуір 2009 жыл.
Лола Каримова - өзбек президентінің кіші қызы, Өзбекстанның ЮНЕСКО ұйымындағы елшісі. Париж, 8 сәуір 2009 жыл.

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың кіші қызы Лола Каримова әкесін диктатор деп атағаны үшін Францияның Rue89 интернет газетімен соттасып жатыр.


ӘКЕ НАМЫСЫН ҚОРҒАУ ШАҒЫМЫ

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың кіші қызы әрі ЮНЕСКО-дағы Өзбекстан елшісі Лола Каримова франциялық басылымнан моралдық шығын ретінде 30 мың еуро талап етіп, президент әкесін диктатор деген онлайн газетті сотқа берді. Бұл туралы Азаттық радиосының өзбек қызметі хабарлап
Өзбекстан президенті Ислам Каримов ТМД саммиті кезінде. Мәскеу, 10 желтоқсан 2010 жыл.
отыр.

Лола Каримованың айтуынша, Rue89 веб-сайтына шыққан мақалада Ислам Каримов диктатор ретінде аталған.

Каримованың шағымы бойынша ақпараттық вебсайтқа қарсы алғашқы сот тыңдаулары мамырдың 19-ы күні Парижде өтеді.

Лола Каримованың сотқа шағымдануына Rue89 интернет басылымында өткен жылдың мамырында жарық көрген журналист Огюстен Скалбердің «СПИД: Өзбекстан өз елінде қудалаулар жасап, Каннда өзін жарнамалайды» деген мақаласы түрткі болған.

Скалбердің мақаласы Францияның Канн қаласындағы халықаралық кинофестиваль аясында «СПИД-ке қарсы кино» атты қайырымдылық кеші өтіп жатқан күні шыққан.

Бұл кеште Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова демеуші ретінде сөз сөйлеп, шоу-бизнес жұлдыздарымен қатар төрағалықта отырған.

ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ

Rue89 сайтында жарияланған «СПИД: Өзбекстан өз елінде қудалаулар жасап, Каннда өзін жарнамалайды» атты мақалада, Ислам Каримов тиран деп аталып, Лола Каримова мен оның үлкен әпкесі, Испаниядағы және БҰҰ-ның штаб пәтері орналасқан Женевадағы Өзбекстан елшісі Гүлнара Каримова Өзбекстанның халықаралық беделін ақтаумен айналысып жатыр делінген.

Журналист Огюстен Скалбердің айтуынша, Лола Каримова өткен жылы Париждің Версаль сарайында өткен қайырымдылық кешіне қатысу үшін
Солдан оңға: италиялық актриса Моника Беллучи, француз киноактері Ален Делон және Лола Каримова. Париж, 8 сәуір 2009 жыл.
италиялық актриса Моника Беллучиге 190 мың еуро төлеген.

Rue89 веб-сайты 2009 жылы Ташкентте СПИД-тен қорғану шараларын насихаттағаны үшін жеті жылға түрмеге жабылған 27 жастағы белсенді Максим Попов туралы айтуды да ұмытпаған. Өзбек соты СПИД дертін жұқтыратын бір реткі инелер мен презервативтер туралы айту - қоғамдық менталитетке, діни құндылықтар мен Өзбекстан халқының мәдениеті мен дәстүріне қайшы келеді деп тапқан.

Огюстен Скалбер франциялық Le Canard Enchaîné газетінің мәліметтеріне сүйеніп, Лола Каримованың әпкесі Гүлнараның АҚШ-та 1 миллиард доллар капиталы бар деп жазды.

Ол өзінің Rue89 веб-сайтындағы мақаласында, Өзбекстанның ресми құрылымдарының көрсеткіштері бойынша 2005 жылдың 13 мамырындағы Әндіжан көтерілісі кезінде 187 адам қаза тапты деп делінсе, ЕҚЫҰ мен басқа да беделді ұйымдар құрбан болғандар саны 5 мыңға жетуі мүмкін дегенін келтірген.

Азаттық радиосы өзбек қызметінің хабарына қарағанда, осыған дейін АҚШ мемлекеттік департаментінің, «Амнести Интернэшнл», «Хьюман Райтс Вотч», «Фридом Хаус», «Шекарасыз репортерлер» ұйымдарының құжаттарында, «Экономист», «Гардиан», «Индепендент», «Шпигель», «Нью-Йорк Таймс» басылымдарындағы мақалаларда Ислам Каримов диктатор ретінде айтылып келген.

КАРИМОВ ДИКТАТОР МА, ЖОҚ ПА?

Лола Каримованың франциялық басылыммен соттасып жатқаны жайлы сәуірдің 15-інде «Евразиянет» сайты жазды.

«Евразиянет» Огюстена Скалбердің мақаласына сілтеме жасап, Францияның заңдары бойынша БАҚ жарық көрген материалдармен келіспейтіндер мақала жарық көрген үш айдан кейінгі мерзімде оны сотқа бере алады деп жазған.

Огюстен Скалбердің айтуынша, оның мақаласында айтылған шындықтарды растайтын құжаттары бар.

«Парижде өтетін сотта Ислам Каримов шынымен диктатор ма, жоқ па деген мәселе талқылануы мүмкін бе?» деп жазады «Евразиянет».
XS
SM
MD
LG