Accessibility links

Ливияның батысында гуманитарлық дәліз ашылды


БҰҰ-ның азық-түлік жөніндегі агенттігі жаңа гуманитарлық дәліз арқылы Ливияның батысындағы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ете бастағанын хабарлады.

Дүниежүзіліқ азық-түлік бағдарламасының мәліметінше, жаңа дәліз арқылы жіберілетін азық-түлік айына 50 мыңға жуық адамға жетеді. Азық-түлік тиелген жүк көліктері Ливияға Тунистен барған.

Гуманитарлық көмек ливиялық "Қызыл крест" ұйымы арқылы Триполи мен бірнеше қаладағы қарапайым халыққа берілетін болады.

БҰҰ-ның айтуынша, Ливия үкіметі өз бақылауындағы аймақтарға БҰҰ өкілдерін жіберуге уәде еткен. Алайда Каддафи үкіметі Мисуратада соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі БҰҰ-ның өтінішін орындаудан бас тартып отыр. Муаммар Каддафидің әскерилері бірнеше күннен бері Мисуратаны бомбылап жатыр. Қала тұрғындары азық-түлік пен дәрі-дәрмектерге тапшы болып отыр.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG