Accessibility links

Сирияда төтенше тәртіп жағдайы алынды


Сирияның ресми ақпарат агенттігі елде төтенше тәртіп жағдайы алынды деп хабарлады.

Сонымен қатар Сирия үкіметі саяси тұтқындардың ісін қарайтын мемлекеттік қауіпсіздік сотын таратып, бейбіт шерулерге құқық беретін жаңа заңды мақұлдады.

Сирияда үкіметке қарсы наразылық шарасы жалғасып жатыр. Шерушілер демократиялық реформаларды талап етуде. Бұған қоса наразылық танытушылар 1963 жылы енгізілген төтенше тәртіп жағдайы туралы заңның күшін жоюды және президент Башар әл-Ассадтың биліктен кетуін талап еткен болатын.

Елде бір айға жалғасқан шерулер барысында 200-ге жуық адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG