Accessibility links

Египеттегі толқулар кезінде 800-ден аса шеруші қаза болған


Египеттегі үкіметке қарсы толқуларда адам қазасы болған оқиғаларды зерттеген арнайы комиссия "полиция наразылық шеруіне шыққандарға қарсы шамадан артық күш көрсеткен" деген қорытынды шығарды.

Сарапшылар жасаған бұл қорытынды – Хосни Мүбәрәкті биліктен кетуге мәжбүр еткен оқиғалар туралы алғашқы ресми есеп. Комиссия деректері бойынша, елдегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында 846 шеруші мен 26 полиция қызметкері қаза болған. Бұған дейінгі ресми хабарларда жаппай наразылық кезінде мерт болғандардың саны 380 адам деп айтылып келген еді.

Сарапшылар наразылыққа шыққандарға қарсы қауіпсіздік күштері резеңке оқтар мен су атқыштардан ғана емес, әскери қарудан да оқ атқанын атап көрсеткен. Сонымен бірге полиция жүргізген операцияларға мергендердің қатысқанына айғақ, дәлелдер табылған.
XS
SM
MD
LG