Accessibility links

Сирияда үкіметке қарсы шерулер жалғасып жатыр


Сирия үкіметінің 48 жылға созылған төтенше тәртіп жағдайын алып тастауына қарамастан, елдің солтүстік-батысындағы Баниас қаласында үкіметке қарсы шерулер жалғасып жатыр.

Бір айдан бері шеру өткізіп жатқан наразылық танытушылар 1963 жылы енгізілген төтенше тәртіп жағдайы туралы заңның күшін жоюды және президент Башар әл-Ассадтың биліктен кетуін талап еткен болатын.

Құқық қорғаушы белсенділердің айтуынша, Сириядағы шерулер барысында 200-ден астам адам қаза болды. Қауіпсіздік күштері сейсенбі күні наразылық танытушыларға оқ атты.

Ішкі істер министрлігі "елдегі тәртіпсіздіктер қарулы бүлікке ұласты" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG