Ливиядағы Мисурата қаласында сәрсенбі күні шетелдік екі журналист қаза тауып, екі журналист жараланған.
Британдық Тим Хетерингтон мен америкалық Крис Хондрос минометтен жауған миналардың жарылысынан қаза болғаны хабарланып отыр. Хетерингтон - Ауғанстандағы америкалық әскерилер туралы түсірілген, "Оскар" сыйлығына ұсынылған "Рестрепо" атты деректі фильмнің режиссерлердің бірі. Ал Хондрос - Getty Images агенттігінің фототілшісі болатын.
Мисурата қаласында бірнеше аптадан бері көтерілісшілер мен қаланы қоршауға алған Муаммар Каддафиге бағынышты әскер арасында кескілескен шайқас жүріп жатыр.
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі мекемесінің басшысы Нави Пиллай үкімет әскері Мисуратаны кассеталық бомбалармен атқылады деп мәлімдеп, Каддафи күштерін "әскери қылмыспен пара-пар іске барып отыр" деп айыптады.