Accessibility links

ВР компаниясы «Трансоушен» фирмасынан 40 миллиард доллар өндіріп алмақ


Мексика шығанағында мұнай платформасындағы апатқа бір жыл толғанда британдық ВР компаниясы платформаның меншік иесі «Трансоушен» компаниясын АҚШ сотына берді.

BP өз міндетіне салақ қараған деп айыптап отырған жауапкер компаниядан тигізген зардап үшін 40 миллиард доллар өтемақы өндіріп алуды сұрап отыр.

Былтыр Мексика шығанағында ВР мұнай өндіріп жатқан платформадағы апат салдарынан 11 жұмысшы қаза болып, миллиондаған баррель мұнай мұхитқа төгілді.

Апат салдарынан зардап шеккендер қорына BP былтыр 20 миллиард долларға жуық қаржы бөлуге мәжбүр болды. Бұған қоса апат пен оның салдарын жою үшін компания миллиардтаған доллар ақша жұмсады.
XS
SM
MD
LG