Accessibility links

Хиллари Клинтон: Каддафи әскері кассеталық бомбаны қолданған сыңайлы


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиге бағынышты әскери күштер бейбіт тұрғындарға қарсы кассеталық бомбалар қолданған сыңайлы деп мәлімдеді.

Клинтон әлемнің жүзден астам елінде тыйым салынған кассеталық бомбалар Каддафи әскері қоршауға алып, атқылаған Мисурата қаласының көшелеріне түсіп жарылған деп мәлімдеді.

Ливия билігі бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Бейсенбі күні Ливия көтерілісшілері Туниспен шекарадағы Вазин бекетін алғаны туралы ақпарат түсті.

Сол күні АҚШ билігі Ливиядағы бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатында НАТО операциялары аясында Каддафи әскері мен әскери нысандарына әуеден соққы беру үшін ұшқышсыз ұшақтарды пайдалану туралы шешім қабылдағанын жариялады.
XS
SM
MD
LG