Accessibility links

Карачи: жарылыстан 15 адам қаза тапты


Пәкістанның Карачи қаласындағы ойын орталықтарының бірінде жарылыс болып, кем дегенде 15 адам қаза тауып, 30 адам жараланды.

Исламшыл топтар тарапынан лаңкестік әрекеттер жиі болып тұратын қаладағы бұл оқиғаның себебі әзірге белгісіз.

Жергілікті полиция басшысы Махмуд Иқбал тергеу басталғанын хабарлады. Оның айтуынша, оқиғаның лаңкестікке немесе қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Жарылғыштың ғимарат ішіне қойылғаны немесе сырттан лақтырылғаны да мәлім емес.

Оқиға кезінде ғимарат ішіндегі ондаған адам болған.

XS
SM
MD
LG