Accessibility links

Мүбәрәк тағы 15 күнге тұтқындалды


Египет ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік прокурор биліктен кетірілген бұрынғы президент Хосни Мүбәрәкті тағы 15 күнге тұтқындауды бұйырды.

Ақпан айындағы жаппай шерулер барысында биліктен кетуге мәжбүр болған Мүбәрәк қазір Шарм әл-Шейхтағы ауруханада қауіпсіздік күштерінің бақылауында жатыр.

Наразылық танытушыларды басып жаншуға және жемқорлыққа қатысты айыпталған Мүбәрәк прокурорлардың сұрақтарына жауап беруі тиіс.
XS
SM
MD
LG