Accessibility links

Египеттің бұрынғы президентін әскери түрмеге ауыстырады


Египеттің бас прокуроры елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәкті әскери түрмеге ауыстыруды бұйырды.

Оның алдында денсаулығы қалпына келген Мүбәрәкті Каирдегі Торах түрмесінің ауруханасына апармақ болған, бірақ ол жерде қажетті құрал-жабдықтар болмаған деп хабарланды.

Сәуірдің 13-інде тергеушілерге жауап беруге шақырылған Мүбәрәктің жүрек талмасымен ауруханаға түскені, екі ұлымен бірге он бес тәулікке ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Мүбәрәкке осы жылдың басында президент қызметінде отырған кезде үкіметке қарсы наразылық шеруіне шыққандардың қазасына қатысты және жемқорлық қылмысы бойынша айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG