Accessibility links

Ауған түрмесінен жүздеген тұтқын қашып кеткен


Ауғанстанның оңтүстігіндегі түрмеден қашқан жүздеген тұтқынның көпшілігі – тәліптерді жақтайды деген күдікке ілінгендер екені хабарланып отыр.

Қандағардағы түрме басшысының айтуынша, түрмедегілер жер астын үңгіп қазып жексенбінің түнінде қашып шыққан. Қашып шыққан 476 адамның арасында өз жақтастары бар екенін, солардың арасында бірнеше дала қолбасшылары барын растады.

Қандағар түрмесінен соңғы үш жылда осымен екі рет осындай оқиға қайталанып отыр. Соңғы кезде бұл түрмеде бір мың екі жүздей адам қамауда отырған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG