Accessibility links

Джимми Картер бастаған арнайы делегация Солтүстік Кореяға барды


АҚШ экс-президенті Джимми Картер бастаған батыс елдерінің бұрынғы басшыларынан тұратын арнайы делегация бүгін Солтүстік Кореяға барды. Олар сол елдің жоғары лауазымды адамдарымен кездеспекші.

Делегация құрамында Финляндияның экс-президенті Мартти Ахтисаари, Ирландияның бұрынғы президенті Мэри Робинсон және Норвегияның бұрынғы үкімет жетекшісі Гру Харлем Брундтланд бар.

Бұл сапардың ресми бағдарламасы жарияланған жоқ, әйткенмен Пхеньянға жеткен батыс саясаткерлері Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ирмен кездесуден үмітті.

Сапар барысында болатын кездесулерде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерді жалғастыру мәселесі және сол елдегі азық-түлік дағдарысының жайы талқыланбақ.
XS
SM
MD
LG