Accessibility links

Франция президенті Николя Саркози Кабулға барды


Франция президенті Кабулда, 20 тамыз, 2008 жыл
Франция президенті Кабулда, 20 тамыз, 2008 жыл

Сәрсенбі күнгі Саркозидің Ауғанстанға сапары франциялық күштердің 10 әскері қаза тапқан соң болып отыр. Бірақ ол өз елі әлі де Ауғанстандағы НАТО күштері миссиясындағы міндеттемесін жалғастыра береді деді.

Дүйсенбі күні кешкісін Ауғанстандағы НАТО күштері құрамында қызмет етіп жатқан франциялық сарбаздарға торуылдан шабуыл жасалғанда он француз әскері мерт болып, тағы 21-і жараланды. Сәрсенбі күні Кабул қаласына барған Франция президенті Николя Саркози франциялық күштерге қарсы шабуыл Францияның НАТО бастаған күштердегі миссиясын тоқтата алмайды деп айтты.

Бұл Кабул қаласының таулы аймағы Сароби ауданында франциялық әскерге болған шабуыл ең қантөгісті шайқас болып отыр. Сонымен 2002 жылдан бері Ауғанстанда қаза тапқан Франция әскерлерінің саны 24-ке жетті.
Кабулдың сыртындағы халықаралық күштердің басты базасында сөйлеген сөзінде президент Саркози елінің әскерлеріне “сіздердің Ауғанстанда жасап жатқан жұмыстарыныңыз маңызды” деп айтқан.
Сөйтіп, Саркози торуыл шабуылынан көптеген әскері қаза болғанына қарамастан, ауған президенті Хамид Қарзай үкіметіне қолдау және исламшыл жауынгерлермен күресу үшін Франция күштері бұл елде қала береді деген сөз берді.
Одан кейін Франция президенті Саркозиді ауған президентінің сақшылары Кабул қаласындағы президенттік сарайда қошаметпен қарсы алды.
Бұл тұста президент Қарзай қызыл кілем жайылған сарайдың алдына шығып, Саркозиді қарсы алған:
“Президент мырза, қош келдіңіз, Сіз Ауғанстанның басты принциптері бар үлкен досысыз,”-деген Қарзай мен оның сақшылары.
Кабулдағы президент сарайы алдында

Келіссөздерден кейін өтетін бірлескен баспасөз мәслихатында Саркози мен Қарзай өздерінің келіссөз қортындысын айтады деп хабарланған.
Франция президенті Саркозимен бірге Кабулда Сыртқы істер министрі Бернар Кушнер және Қорғаныс министрі де жүрді.
Олардың сапарынан бірнеше сағат бұрын, Кабул маңындағы халықаралық әскери базада франциялық сарбаздар Парижден қорғаныс министрі Эрве Морен Ауғанстандағы әскерге не болғаны жайлы тікелей эфирде баспасөз мәслихатын береді деп теледидар алдына жиналған еді. Онда министр Морен франциялық күштердің теңіз жаяу әскері мен әуе десанттарынан құрылған тобы торуылға түсті деген.
Олар АҚШ-тың арнайы күштері және ауғандық ұлттық армиямен бірлескен миссиясының бір бөлігі ретінде барлау жұмыстарына шыққан еді деді ол.
Министрдің айтуынша, франциялық күштер Кабул мен Жалалабад арасындағы таулы далада жаугерлік топтың оғы астында қалған:
"Бұл әскери бөлімше 100 шақты бүлікші тобының үлкен шабуылы астында қалды. Кескілескен шайқас бернеше сағатқа созылып, түнге дейін жалғасты".
Ауғанстандағы франциялық әскердің бұл шығыны 1983 жылы Ливандағы 58 әскери әуе десантын жанкешті шабуылшы жарып жіберген қастандықтан кейінгі үлкен оқиға болып отыр. Бұл сондай-ақ Франция үшін 1962 жылы аяқталған Алжир соғысынан бергі елеулі қанды қақтығыс болып отыр.
Осы жылдың басында НАТО бастаған халықаралық қауіпсіздік күштеріндегі басқа елдердің қысымымен Саркози Ауғанстандағы күштерін көбейтуге шешім қабылдаған. Бүгінде Ауғанстанда 2,600 франция әскері НАТО құрамында қызмет етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG