Accessibility links

Қазақстанға дефолт қаупі төніп тұр ма? Сарапшылар Кәрім Мәсімовтың оптимизмін қолдамайды


Халықаралық сарапшылардың болжаулары көңіл көншітерлік емес. RBC Capital Markets Қазақстан Исландиядан кейінгі қарызын төлей алмайтын елдер қатарына кірмекші- деп есептейді. Moody's агенттігі Қазақстан банктерінің болашағын бұлыңғыр деп бағалайды.

Халықаралық сарапшылардың болжаулары көңіл көншітерлік емес. RBC Capital Markets Қазақстан Исландиядан кейінгі қарызын төлей алмайтын елдер қатарына кірмекші- деп есептейді. Moody's агенттігі Қазақстан банктерінің болашағын бұлыңғыр деп бағалайды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Мұнай қорын «ашып», одан алынған қаржыны банк жүйесін қорғап қалуға пайдалану туралы шешімі шет елде қызығушылық тудырды. Батыс баспасөзі бұл туралы сарапшылар пікірлеріне көптеген басылым беттерінен орын беруде.

International Herald Tribune атты Париж газеті Қазақстан үкіметінің бүкіләлемдік дағдарыс кезеңінде отандық экономиканы қорғау мақсатында 15 миллиард доллар бөлетіндігі туралы хабарлайды. Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың сөзі бойынша, бұл сома жалпы ішкі өнімнің 15 пайызына тең.

«Қазақстан өткен жылы сыртқы қарым-қатынастарға қатты сенудің кесірінен дағдарысқа кезікті. Шикізатқа бағаны төмендету әлеуметтік жағдайдың нашарлауына және инвестициялық бағдарламалардың қысқаруына байланысты жағдайды жақсарта алмайды.

Мақала авторы ұлттық қордың қаржысын пайдалану жөніндегі пікір Парламент қарсылығына ұшырамайды, себебі, олардың қолдауы бұл шешімнің күшіне енуі үшін ғана керек деп есептейді.

«Қазақстан банктерін құрдымға жібермеу үшін мұнай байлығын қолдануды көздеп отыр, — деген мақала америкалық Bloomberg жаңалықтар агенттігінде жарияланған. «Қазақстан үкіметі іске кірісуге әзір, — дейді Кәрім Мәсімов агенттік тілшісіне берген сұхбатында. — Үкімет пен Орталық банктің қолдауымен қазақстандық банк жүйесі халықаралық инвесторлар алдындағы міндеттемелерінің бәрін де орындай алады».

Bloomberg бетінде пікірін білдірген сарапшылар премьердің көтеріңкі көңілін құптап отырған жоқ. Канаданың Торонто қаласында орналасқан RBC Capital Markets агенттігі жағдайға анағұрлым көңілсіз баға берді. Жақында Агенттік жариялаған баяндамада атап өтілгендей, Исландиядан кейін, сыртқы қарыз міндеттемелерін орындамағандықтан, қаржы жүйесінің күйреу қаупі Қазақстанға төніп тұр. RBC сарапшыларының пікірінше, қазір Латвия осындай жағдайда тұр.


«Мұнай бағасының 2000 жылғы 25 доллардан 2008 жылғы шілдеде шарықтап 147 долларға дейін өсуінің арқасында жыл сайынғы өсім 10 пайызға артып, 10 жылдан бері экономикасы шалқып отырған Қазақстан қазіргі кезде нағыз экономикалық құлдыраудың алдында тұр», — деп жазады Bloomberg.

Мұнай бағасы 70 долларға түскен соң Алматыда жылжымайтын мүлік бағасы өткен жылғымен салыстырғанда 15 пайызға төмендеді, ал үстіміздегі жылдың алғашқы 8 айында 36 банктің кірісі 47 пайызға азайып кеткен, — деп жазады агенттік. Сонымен бірге Bloomberg «Қазақстанның Исландия мен Украинаға қарағанда, мұнайдан алған табыстарын болуы мүмкін қиындықтарға сақтағанын» айтады. Бұл жерде Ұлттық мұнай қорында 8 жылда қордаланған 27,6 миллиард долларды қоса есептегендегі мемлекеттің қорындағы 49,5 миллиард доллар туралы сөз болып отыр.

Goldman Sachs Group Inc сарапшылары Қазақстанда алтын қорының бар екенін ескере келе, үстіміздегі жылдың екінші жартысына дейін қайтару жоспарланған сыртқы 3,7 миллиард доллар қарызды, оның ішінде 9,3 миллиард доллар банк қарыздарын керек болған жағдайда төлей алатынын айтады. Сондай-ақ, қор келесі жылы да 6,9 миллиард доллар банктік қарыздарға қоса есептегенде 16,9 миллиард долларды төлеуге жұмсалуы мүмкін.

Moody's Investor Service рейтинг агенттігі дүйсенбі күні Қазақстан банк секторының болашағын «нашар» деп бағалады. Financial Times активтердің азайып, қаржыландыру көздерінің қысқарғанын хабарлайды.


Қазақстандық банктер мұнай табыстары негізінде ішкі тұтыну нарығын дамытқан шетелдік қаржының тоқталуына жалғасқан бұдан бір жыл бұрын басталған қаржы дағдарысынан кейін қатаң қадағалауға ұшырады,-деп жазады басылым.


Moody's-тың бағалауынша, Қазақстанның көптеген банктері дағдарыстың алғашқы сатысынан өтті, олар қарыздарын уақытылы қайтарып, жеке несиелік капиталын да арттырды. «Кредитке қол жеткізу мен оны төлеу мәселесі ауқымды болғандықтан, біз активтердің сапасы мен жойылу жағдайын Қазақстан банктерінің кредит беру қабілетіне қауіп төндіретін негізгі мәселе деп есептейміз», — делінген рейтинг агенттігінің баяндамасында.


Банктер, әсіресе, құрылыс саласының құлдырауы мен жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуіне байланысты көптеген борышкерлердің қарыздарын уақытында қайтаруды кешіктіруіне орай қиындыққа ұшырауы мүмкін. Оның үстіне кепілдікке берілген мүлік сапасы да төмендейді.

Өткен аптада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру мен банктерді демеу мақсатында ұлттық мұнай қорынан 10 миллиард доллар бөлетіндігі туралы хабарлағаны белгілі. Үкімет жоспарының нақтылығы туралы мәліметтің жеткіліксіздігінен, Moody's-тың сарапшылары бұл жаңалыққа баға беруге асығып отырған жоқ.

Financial Times Moody's агенттігінің «Альянс банкті» рейтингісі төмендеуі мүмкін деген тізімге қосып қойғанын айтады. Ал, «Халық банкі», «Казкоммерцбанк», «Тұран Әлем» мен «Центркредит» сияқты қаржылық институттардың рейтингісі өткен жылдың қарашасынан бері өзгерген жоқ.

Батыс сарапшыларының пікірінше, шетелдіктерге тиесілі банктер басқаларға қарағанда дағдарысты оңай өткереді. Атап айтсақ, олар 2007 жылы италиялық UniCredit тобы сатып алған «АТФ»банкі мен акциясының 23 пайызы Оңтүстік Кореялық конгломерат Kookmin-ге тиесілі «Центркредит» банкі.

XS
SM
MD
LG