Біздің тілшіміз Сәния Тойкен 25 ақпанда «Алға» партиясы өкілдерін полиция қызметкерлерінің ұстап әкеткенін естіп жол полициясы басқармасының алдына барған. Сол жерде оппозициялық партия белсенділері Ғазиз Сайфолла мен Макс Боқаевты билік өкілдерінің күштеп ғимаратқа кіргізуге әрекет жасап жатқандарының куәсі болады.
Журналист осы сәтті фотоға түсіре бастайды. Мұны байқап қалған полиция қызметкерлерінің бірі Сәния Тойкеннің қолындағы фотоаппаратын күштеп тартып алады. Азаттық тілшісінің қызмет куәлігі мен ҚР СІМ - нің берген аккредитациялық құжатын көрсетіп, фотаппаратты қайтаруын талап еткен әрекетінен еш нәтиже шықпайды.
Жол полициясы басқармасының бастығы Әлібек Қайыров «Ақ жайық» газеті тілшісі Тимур Қазиевтың полиция қызметкерінің журналистке жасаған әлімжеттілігі жөніндегі сауалына «фотоаппаратты тартып алған жол полициясы қызметкері емес бөгде адам» деген түсініктеме беріпті. Атырау қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Серік Ербөлековке хабарласқанымызда бұл оқиға жайында естімегенін айтып, Ерлан Биғанбаев есімді азаматтың аталған мекемеде жұмыс істейтіндігінен хабарсыз екенін жеткізді.
Азаттық радиосы осы оқиғаға байланысты жергілікті билік орындарынан жауап күтеді.

Журналист фотоаппаратты күштеп тартып алған полицейдің - аға лейтанант Ерлан Биғанбаев екенін таныған. Мұны оқиғаның куәгері болған Ғазиз Сайфолла да Азаттық радиосына берген түсініктемесінде растады. Сәния Тойкеннің айтуына қарағанда, фотоаппараттың ішіндегі оппозиция өкілдерін жұлқылап жатқан жол полициясы қызметкерлерінің бейнесі түсірілген суреттер өшіріліп тасталған.