Accessibility links

Үлескерлер әкімге жете алмады


6-шы ақпанда Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов осы қызметке тағайындалғаннан бергі уақыттағы атқарылған жұмыстар туралы халыққа есеп берді. Бірақ, полицейлер Республика сарайында өткен бұл жиынға өз мәселелерін айту үшін келген үлескерлерді кіргізбеді. Республика сарайының алдына жиылған елуден астам үлескерлердің сұрақтарына қала әкімінің орынбасарлары Виктор Долженков пен Серік Сейдуманов жауап берді.


XS
SM
MD
LG