Accessibility links

Борышкерлер «Халық банкінің» алдына кезекті рет келді


27-ші қараша күні «Халыққа баспана қалсын» қозғалысы «Халық банкінің» бас кеңсесінің алдында наразылық акциясын өткізді.

Аталған қозғалыстың мүшелері мен жетекшілері бұл банкке екінші мәрте келсе де, оның басқарма төрағасы Григорий Марченко олармен кездесуге шыққан жоқ. Тіпті, қауіпсіздік қызметкерлері мен полицейлер борышкерлерді банк кеңсесінің маңына да жолатпады. Банктің алдына жиналған 50-ден астам адам төленуі тиіс несие мерзімін 12 айға ұзартуды ғана емес, «Халыққа баспана қалсын» қозғалысының жетекшілері мен оның мүшелерін алаяқтар және алыпсатарлар деп айыптаған сөзі үшін Григорий Марченкодан түсініктеме беруді де талап етті.

XS
SM
MD
LG