15-ші желтоқсан күні теміржол саласында 30 жылдан астам қызмет еткен ардагер жұмысшылар президент Н.Назарбаев пен премьер-министр М.Мәсімовке үндеу жолдады. Үндеуде «Жолаушылар тасымалы» компаниясының президенті болып, үстіміздегі жылдың тамыз айында тағайындалған Байдалы Дәрімбетовтың заңға қайшы әрекеттеріне тыйым салу керектігі туралы жазылған.
«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының қарамағындағы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамына қатысты дау әлі жалғасуда.