Accessibility links

"Наройл" қаржы-өнеркәсіп тобы рейдерліктің құрбаны болудамыз дейді


«Наройл» қаржы-өнеркәсіп тобының президенті Сұлтан Үшбаев. Алматы,15 қазан, 2008 жыл
«Наройл» қаржы-өнеркәсіп тобының президенті Сұлтан Үшбаев. Алматы,15 қазан, 2008 жыл

15 қазан күні Алматыда «Наройл» қаржы-өнеркәсіп тобының президенті Сұлтан Үшбаев жанар-жағар май нарығындағаы құйтырқы әрекеттер артында ұлттық мұнай компаниялары тұр деп мәлімдей келе, өздерінде қаржы полициясының заңсыз тексерулері біраздан бері жалғасып жатқандығын айтты.

«Наройл» мұнай кәсіпорнының директоры Сұлтан Үшбаев аталмыш компанияға қаржы полициясының 1,5 жылдан бері тексеріс жасап келе жатқандығын мәлімдеді. Алайда ол, бұл тексерулердің ұзаққа созылғандығын тілге тиек ете отырып, оның заңсыз екендігін алға тартты:

- Қаржы полициясы біздің компанияны 1 вагон газконденцаттарын Қырғызстанға жіберді деген желеумен айыптап отыр. Алайда үнемі Амангелді кен ошағынан заңсыз жолмен келген газконденсаттары отандық саудада жүреді. Бүгінгі күні 60 кубы тәулігіне сатылады. Біздің жекеменшік кәсібімізге қаржы полициясының араласатын құқы жоқ. Бұл өрескел қателік. Кеңсенің жұмысын тоқтатқан олар компанияға қатысты, қатысты емес құжаттарды түгелдей тексеруге алып кетті, - деді Сұлтан Үшбаев.

Біз осы мәселе бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің Алматы қалалық қаржы полициясы тергеу басқармасының орынбасары Александр Олейникпен хабарласқанымызда, төмендегідей жауап алдық:
- Тергеу жұмыстары осы кәсіпорынға қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша жүргізілуде. Аталмыш іске байланысты қаулыны тергеуші мен прокурор шығарған. Сол бойынша іс тексеріліп жатыр. Қаржы полициясы қызметкерлерінің барлық әрекеттері заңды, - деді Александр Олейник.

Сондай-ақ Сұлтан Үшбаевтың айтуынша, аталмыш компания Алматы облысы бойынша мұнай кәсіпорындарының ішінде қосымша акциздік салықты ең көп төлеушілердің бірі. Олар мемлекетке ай сайын түскен пайдадан 14,5 пайыз салық төлейді екен.
Естеріңізге сала кететін болсақ, осы жылдың мамырынан бастап, Қазақстанда шикі мұнай экспортына салық салынатыны туралы ескертілген.. Шикі мұнайдың әлемдік бағасы бір тоннаға 714 доллар болған жағдайда салық көлемі Қазақстанда бір тоннаға 109 доллар 91 центті құрайды.

«Наройл» мұнай қаржы-өнеркәсіп тобының иелігінде Қазақстан бойынша 100-ге тарта жанармай бекеттері бар. Сондай-ақ олар жанармайды Қырғызстан мен Тәжікстанға жібереді. Кәсіпорында бүгінде 1000-ға тарта адам жұмыс істейді екен.
XS
SM
MD
LG