Accessibility links

Желтоқсан құрбандарын еске алу митингі өтті


Бүгін Алматыда Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар 1986 жылғы көтерілістің құрбандарының рухына тағзым етіп, қаралы митинг өткізді.

Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алуға келгендердің арасында оппозициялық партиялардың басшылары да болды. Олар алаңға жиылған шамамен 300 адамның алдында Желтоқсан көтерілісін күшпен басуға бұйрық берген кеңестік коммунистік партия басшыларының әлі де билік басында отырғандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Жасарал Қуанышәлин, Болат Әбілов және Жармахан Тұяқбай сияқты саясаткерлер алаңда жастардың қанын төгуге себепкер көптеген адамдардың әлі күнге дейін тиісті жазасын алмағандығын жеткізді.


AzattyqTV

XS
SM
MD
LG