Десек те, қазақ халқын әлемге танытқан бұл боксшыларымыздың жетістікке жетуіне жаттықтырушының да еңбегі үлкен екені белгілі. Ал осы жолы ыстық-суығы қатар жүретін спорттан кейінгі өмірде де ұстаз бен шәкірттің арасындағы жылы қарым-қатынастардың өзгермегеніне көз жеткіздік.
2000 жылы Сидней Олимпиадасында топ жарып, екі алтын және екі күміс алған төрт қазақстандық боксшы үлкен спортпен қоштасса да, өздерінің бұрынғы жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділовке анда-санда келіп, оның тәрбиелеп отырған шәкірттеріне бокстың қыр-сырын үйретіп кетуді әдетке айналдырған екен. Тек олардың арасында Бекзат Саттарханов қана жоқ.