Accessibility links

Полицейлер мен үлескерлердің арасында қақтығыс болды


Бүгін Алматыдағы Тәуелсіздік ескерткішіне гүл қойып, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбандарын еске алып тағзым етуге келген үлескерлер сол жерде үкіметтің отставкаға кетуін талап еткен жиын өткізіп, полициямен қақтығысып қалды.

Желтоқсанның 16-ы күні таңертеңнен алдымен Алматыдағы ұлттық кітапхана маңына жиналған шамамен 400-ге жуық үлескер сағат 11-лер шамасында Күләш Байсейітова көшесімен жоғарлы өрлеп, қаланың орталық алаңындағы Тәуелсіздік ескерткішіне қарай жылжыды.

XS
SM
MD
LG