Accessibility links

Әкімдік алдында пикетке шыққандар мен полиция қақтығысып қалды


10-ші желтоқсан күні сағат түскі 12-нің кезінде даулы аудандар мен жатақханалардың тұрғындары қала әкімшілігінің алдында наразылық акциясын өткізді.

Наразылық танытушылардың басым бөлігі әйелдер еді. Олар қала әкімі А.Есімовпен кездесуді, сондай-ақ, жер учаскелерін заңдастыруды және жатақхана тұрғындарын баспаналарынан айырмауды талап етті. Алайда, наразылық танытушылардың жанайқайына ешкім құлақ асқан жоқ, тіпті, олардың талабын тыңдауға әкімшіліктің қарапайым қызметкерлері де шықпады. Осыдан кейін, олар қауіпсіздік қызметінің қарсылығына қарамастан, әкімшілік ғимаратының ішіне басып кіріп, «Менің Қазақстаным» әнұранын айтты.

XS
SM
MD
LG