Accessibility links

Полицияға сыйлық апарған оппозиция белсенділеріне қарсы әкімшілік іс қозғалды


Айжан Әмірова Алмалы полиция басқармасына сыйлыққа әкелінген үстел-орындықтың жанында тұр. Алматы, 19 тамыз 2010 жыл.
Айжан Әмірова Алмалы полиция басқармасына сыйлыққа әкелінген үстел-орындықтың жанында тұр. Алматы, 19 тамыз 2010 жыл.

«Голос Республики» газеті редакциясы мен оппозициялық «Алға» партиясының белсенділері Алмалы аудандық полиция басқармасына үстел мен орындық сыйламақшы болды. Полиция «Алға» партиясының екі белсендісін ұстап, әкімшілік іс қозғады.

»Тамыздың 19-ы күні «Голос Республики» газеті журналистері және ресми тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясының белсенділері Алматының Алмалы аудандық полиция басқармасы ғимаратының алдына арнайы акция өткізуге келді. Олар полиция бөліміне үстел мен орындық сыйламақшы болды.

«Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың айтуынша, оларға «Голос Республики» газетінің журналистері хабарласып, Алматының Алмалы ауданы ішкі істер басқармасына төрт орындық, бір үстелді сыйға тарту жөнінде ұсыныс жасапты. Оппозиция өкілінің түсіндіруінше,
«Голос Республики» газетінің журналистері мен «Алға» партиясының белсенділері Алмалы полиция басқармасына сыйлыққа үстел мен орындық әкеле жатыр. Алматы, 19 тамыз 2010 жыл.
мұндай мәрттіктің себебі - Алмалы ауданы полиция басқармасы ғимаратындағы уақытша ұстау бөлмесінде адам отыруға келмейтін жалғыз орындықтан басқа тізе бүгетін орын жоқтығы, түрлі қарсылық акциялары кезінде полиция ұстап алған оппозиция белсенділері мен тәуелсіз журналистердің әлгі бөлмеде бірнеше сағат бойы тікесінен-тік тұратындары.

– Біз бейсенбі күні сағат он бірде Алмалы ауданы ішкі істер басқармасының алдына барып, газет журналистері әкелген төрт орындық пен біз шығарған үстелді сыйға тартып, бұларды уақытша ұсталғандарды қамайтын бөлмеге қойса екен деп, соған жауапты адамға айтпақ болдық. Осы ойымызды іске асырдық, – деді Владимир Козлов.

Алайда өздеріне арналған сыйлықты қабылдаудан бас тартқан полицейлер ғимарат алдына келген оппозициялық партия белсенділері Айжан Әмірова мен Кенже Әденовті ұстап әкетті. Айжан Әмірова «Алмалы аудандық ІІБ «Алға» халықтық партиясынан» деген жазу ұстап тұрған еді. Ал Кенже Әденов полицейлердің бірі «қанеки, мына үстелді ішке кім кіргізеді?» деген соң, үстелді ғимаратқа кіргізуге ынта
Солдан оңға қарай: тіркелмеген «Алға» партиясының өкілдері Кенже Әденов, Владимир Козлов және Айжан Әмірова. Алматы, 19 тамыз 2010 жыл.
білдірген болатын.

– Бұрылып, видеокамераны бердім де, үстелді көтеріп ішке кіргіздім. Енді кете бергенімде полиция қызметкері: «Қайда барасың? Мен жаңа акцияны ұйымдастырушы үстелді алып келсін дегенмін. Осы акцияны ұйымдастырушы сенсің» деп мені ұстап қалды. Шындығында, «үстелді әкелсін» деген сөзді ғана естідім, – дейді Кенже Әденов.

Оның айтуынша, полиция ғимаратында үш сағат бойы Айжан Әмірова екеуі бір орындықта кезектесіп отырыпты.

– Ұсталғандарды қамайтын іші қапырық бөлмеде бір темір үстел мен екі орындық қана бар екен. Бір орындық босамады: полицейлер ұстап әкелген адамдар сол орындыққа отырып, түсіндірме жазып, біреу кіріп, біреу шығып жатты. Ал екінші орындыққа Айжан екеуміз кезектесіп отырдық, оның өзі сау орындық болмай шықты, – дейді Кенже Әденов.

Полицейлер Айжан Әмірова мен Кенже Әденовты үш сағат ұстаған соң екеуінің үстінен заңсыз шеру ұйымдастырғандары үшін әкімшілік іс қозғалғанын айтып, сотқа келу туралы анықтама қағазды қолдарына беріп, босатып жіберіпті.

Айжан Әмірова ондай айыппен келіспейді. Полицияның өзін еш негізсіз үш сағат ұстағанын айтады.

– Полиция қызметкерлерінен «мені не үшін ұстадыңыздар, заң бұзған жоқпын ғой?» деп сұрағанымда олар: «Жай ұстадық» деп жауап қайырды. Олар маған құжаттарын көрсеткен жоқ. Бар айтқандары - «басшылар ақылдасып жатыр, солар келген соң бәрін айтамыз» деген сөз ғана, – дейді Айжан Әмірова.

Азаттық тілшісінің полицияға үстел мен орындық сыйлаймыз деп барып ұсталған азаматтарға қатысты сауалына Алмалы ауданы ішкі істер басқармасының өкілдері түсініктеме беруден бас тартты.

Полицейлерге жасалған тарту
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:27 0:00
XS
SM
MD
LG