Accessibility links

Қырғыз-өзбек қақтығысы Ферғана оқиғасының 20 жылдығымен тұспа-тұс келді


Ош көшелерін күзетіп жүрген сарбаздар, 11 мауысм 2010 жыл.
Ош көшелерін күзетіп жүрген сарбаздар, 11 мауысм 2010 жыл.

Қырғызстан оңтүстігінде қаза тапқандар саны 62-ге жетті. 700-нан аса адам жарақат алды. Жараланғандардың жарымынан астамы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Азаттықтың қырғыз қызметі.


АРАНДАТУШЫЛАР АЛАҢДАТАДЫ


Дерек көзінің хабарлауынша, өткен түні де Ошта талан-таражға жол беріліп, жағдай шиеленісе түскен. Ал Ош облыстық ішкі істер басқармасының бастығы Абдылда Қапаров төтенше жағдай жарияланған аудандарда жағдай біршама тұрақтанды дейді.

Қазір Бішкектен келген қосымша күштер негізінен халық топтанып тұратын аудандарды бақылап отыр. Бұл аудандарда орталық дүкендердің көпшілігі тоналып, ел ішінде азық-түлік тапшылығы сезіле бастады. Ош қаласы әкімінің бірінші орынбасары Тимур Қамчыбековтың айтуынша, жергілікті билік қазір тапшылық болдырмаудың қамын қарастыруда. Бірақ биліктің елді тәртіпке шақырудан қолдары босамай жатыр.

Сонымен қатар жүздеріне бетперде киген бір топ адамның қаланың әрбір ауданына барып, оқ шығарып, елді арандатумен айналысып
Бішкектің Ала-Тоо алаңына жиналған 100 шамалы жас Ошқа бармақ болды. 11 маусым 2010 жыл.
жүргенi белгілі болған. Бұған қоса қақтығыс басталғалы Ошқа басқа жақтан келгендер де жетерлік. Ошқа келгендер арасында баткендіктер де баршылық. Ош басшылығы бұл топтың белгісіз жалдамалылар болуы мүмкін дегеннен арғысын біле алмай отыр. Қазір қала басшылығы мен милиция араздасқандарға барып жолығып, елді тыныштандыруға тырысуда.

Азаттық радиосы тілшісіне жұма күні кешкілік Лондон соғыс және бейбітшілікті талқылау институтының (IWPR ) Өзбекстан және Түркіменстан бойыншка бас редакторы Инга Сикорскаяға хабарласудың сәті түсті.

Оның айтуынша, қазір қалада жарық, газ тоқтатылған. Ұялы телефондар мен ноутбуктардың батареялары отырып қалған.

– Көше тұрмақ балконға шығудың өзі мұңға айналды. Жан-жақтан атқылап жатыр. Біз Оштың тура орталығында тұрамыз. Тереземіз қаланы бақылауға өте қолайлы. Мұнда әскери техника енгізді, 6 тікұшақ ұшып өтті. Ара-тұра БМП-мен сарбаздар жүріп өтеді. Бірақ соның бәріне де қарамастан, олар жағдайды бақылай алмай отырған сияқты. Төңіректің бәрі айқай-шуға толы, - дейді Инга Сикорская.

«БҰҰ МЕН ЕҚЫҰ АРАЛАСПАСА, ЭТНИКАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС ҰЛҒАЯ ТҮСЕДІ»

Осы жағдайда Human Rights Watch халықаралық құққорғау ұйымы қырғыз-өзбек қақтығысын реттеу үшін дүниежүзіліке қауымдастық Қырғызстанның уақытша үкіметіне жедел көмек беруі керек деп есептейді. Бұл мәлімдеме Ошта опат болғандар саны 46-ға жеткен соң жарияланды. Бұл кұндері ұйымның Орталық Азия бойынша өкілі Андреа Берг Ошта жүр.

Оның пайымдауынша, мәселеге БҰҰ, ЕҚЫҰ тәрізді халықаралық ұйымдар араласпаса, этникалық қақтығыс ұлғая түсетін түрі бар.

Уақытша үкімет үшін жағдайды реттеуге тәртіп сақшылары ардагерлерін де жұмылдыруға тура келген. Уақытша үкімет баспасөз қызметінің басшысы Фарид Ниязов сенбіге ауған түннің де ауыр болғанын, бірақ қосымша күштің жетіспей жатқандығын айтады.


Ішкі істер министрлігі әскерін күшейту негізгі мақсат екеніне тоқталған Ниязов қақтығысқан топтардың қолында қару-жарақ бар дейді.

Ош қаласының әкімі Мелисбек Мырзакматовтың сұрауы бойынша Уақытша үкімет жергілікті Ош ТВ, ДДД және «Мезон» телеарналарының қызметін уақытша тоқтатты.

1990 жылы маусым айында да Қырғызстанның Ош және Үзген қалаларында қырғыздар мен өзбектер арасында қақтығыс болған. Ресми деректер сонда 1200 адамның қаза тапқандығын
куәландырса, тәуелсіз сарапшылар 10 мың адамның қаны төгілгенін айтады.

Сол кезде Өзбекстан өзбектерінің Қырғызстан оңтүстігіне жасамақ болған қарулы жорығын жүгендеудің сәті түскен.

Қазір де сарапшылар Қырғызстан оңтүстігіндегі жағдайдың Ферғана даласына тарау қаупінен сескенеді. Өйткені Ферғана – Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан шекараларының түйіскен тұсы.
XS
SM
MD
LG