Accessibility links

Халықаралық қылмыстық соттың алдында бірде-бір президенттің иммунитеті жоқ


Судан президенті Омар әл-Башир. Хартум, 4 наурыз 2009 жыл.
Судан президенті Омар әл-Башир. Хартум, 4 наурыз 2009 жыл.

Геноцид жасағаны үшін Суданның президентіне жаңа айыптар тағылып, оны тұтқындауға жаңа ордер берілуі мүмкін. Халықаралық қылмыстық соттың алдында, кез-келген өзге азамат сияқты, мемлекет басшысының да ешқандай иммунитеті болмайды.


ГЕНОЦИД ҮШІН АЙЫПТАУ

Суданның президенті Омар әл-Баширді тұтқынға алу туралы халықаралық ордер өткен жылдың наурыз айында берілген еді, ал енді оған геноцид жасағаны үшін жаңадан айыптар тағылмақшы.

Осыған байланысты Омар әл-Башир қазіргі президенттердің ішіндегі Халықаралық қылмыстық сотқа тартылатын бірінші президент. Сот оны Суданның Дарфур аймағындағы әскери қимылдар барысында адамзатқа қарсы жасаған қылмыстық әрекеттері үшін жауапқа тартпақ.

Бұдан бір жыл бұрын, Омар әл-Баширге қарсы прокурорлар жеткілікті дәлелдер жинаған жоқ деген себепті алған тартқан судьялар оған геноцидке қатысты айып тағу туралы істі қараудан бас тартқан-ды.

Халықаралық қылмыстық соттың апелляциялық палатасының талабы бойынша, судьяларға Судан президентіне қарсы тағылған айыптаулардың дәлелдер базасын қарау міндеті жүктелді.

Геноцид үшін тағылар айып Омар әл-Баширді бірден тұтқындап, Гаагаға жеткізуге мүмкіндік бере қоймас. Оның үстіне Омар
Халықаралық соттың Омар әл-Баширді тұтқындау туралы ордеріне қарсылық білдіру шарасына қатысқандардың бірі президенттің суреттегі бейнесін сүйіп тұр. Хартум, Судан, 5 наурыз 2009 жыл.
әл-Баширдің жеке өзі Халықаралық сотқа пысықырып та қарамайтын түрн танытумен келеді. Бірақ оны геноцид үшін айыптау фактісінің өзі Судан президентінің бұдан да ары халықаралық оқшаулануына себеп болады.

Өзге елдер өзіне жылы шыраймен қарайтындығын көрсету үшін Судан президенті шетелдерге бірнеше сапарын жасады. Оны Мысырда, Мавританияда, Сауд Арабиясында және Катарда қабылдады. Ал басқа елдер оның сапармен келуін қалаған жоқ. Өйткені олар Халықаралық соттың мүшесі болғандықтан, Судан президентін келген бетте тұтқындауы керек болатындығын көлденең тартты.

Өткен күзде Омар әл-Башир Нью-Йоркқа, БҰҰ-ның сессиясына барудан өзі бас тартты. Уганданың, Нигерияның және Түркияның басшылары да өз елдеріне келуге ниет білдірген Омар әл-Баширді райынан қайтарды.

ЖЕКЕ БҰЙРЫҚТАР

Судан үкіметінің ресми өкілдері Гаага Халықаралық сотының шешімін қабыл алған жоқ. Бұл жағдай Омар әл-Баширдің биылғы жылдың сәуір айында елде болатын президент сайлауына түсуіне ешқандай әсер етпейді деп мәлімдеді олар.

БҰҰ-ның бағалауы бойынша, соңғы бес жылдың ішінде Суданда соғыс қимылдарының салдарынан 300 мыңдай адам өлтіріліп, осы
Судан президенті Омар әл-Башир парад кезінде. Хартум, Судан, 4 наурыз 2009 жыл.
жантүршігерлік қылмыстан құтылу үшін 3 миллиондай судан азаматтары босып кеткен. Көптеген ауылдар жер бетінен жойылып кетті.

Айыптауға сәйкес, Фур, Мазалит және Загава этникалық тайпаларының адамдарын қыруға әскерге Судан президентінің жеке өзі бұйрық берген.

Ал Омар әл-Башир болса Дарфурда бейбіт халыққа қырғын салған содырлардың өз бақылауында болмағанын мәлімдеп, әлгіндей айыптаулардан бас тартып отыр. Судан жағы құрбан болғандар 10 мыңнан асқан жоқ деп мәлімдейді.

ИММУНИТЕТ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛА АЛМАЙДЫ

Бұдан бұрын тағы бір ұлт көсемі, президенттік қызметтен кеткеннен соң геноцид үшін айыпталған. Ол – Югославия басшысы Слободан Милошевич болатын. Бірақ ол сотқа дейін аман жетпеді, Гаага түрмесінде қайтыс болды.

Егер Сталин мен оның жанындағыларды былай қоя тұрсақ, онда бұрынғы социалистік лагерьден адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп Румынияның бұрынғы президенті Николае Чаушескуді айыптауға болар еді. Бірақ ол да халықаралық соттарға дейін аман жетпеді. Оны румын бүлігі басталған соң бірнеше күн өткенде ішкі революциялық трибунал асығыс жазалады.

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотына тұғыр болып отырған Рим жарғысына сәйкес, кез-келген адамға оның ресми дәрежесіне қарамастан айып тағуға болады.

Рим жарғысы, сонымен бірге, қылмыс жасаған адамның өз елінде белгілі бір қызметте отыруына байланысты алған кез-келген иммунитеті оны айыптаудан құтқарып қала амайды дейді. Рим жарғысының бабында, мемлекет басшысының да сот тексеруінен ешқандай иммунитеті жоқ деп анық белгіленген.
XS
SM
MD
LG