Әбу-Дабиде АҚШ, Украина және Ресей өкілдерінің қатысуымен өткен келіссөздер аяқталды

АҚШ пен Украина өкілдері Әбу-Дабидегі келіссөздерден кейін журналистер алдына бірге шықты
АҚШ пен Украина өкілдері Әбу-Дабидегі келіссөздерден кейін журналистер алдына бірге шықты

Әбу-Дабиде АҚШ-тың қатысуымен өткен Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер аяқталды деп хабарлады Батыс басылымдары.

11 қарашадағы кездесу төрт сағатқа жуық уақытқа созылған бір күн бұрынғы келіссөздерге қарағанда қысқарақ болды.

АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер кездесуден кейін жер мәселесі басты назарда екенін, ал соғыстан кейінгі қауіпсіздік жүйесі тек осы мәселе шешілген соң ғана талқыланатынын мәлімдеді. Кушнер келіссөздерді нәтижелі деп бағалағанымен, жер мәселесі "ең күрделі түйткіл" болатынын айтты.

АҚШ өкілдері бейсенбіде Ресей басшылығымен кездесу үшін Мәскеуге баратынын айтты. Кушнердің сөзінше, олар Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.

Бұдан кейін АҚШ делегациясы Дублинге барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз жүргізбек.

АҚШ өкілдері журналистер алдына Украина делегациясымен бірге шықты. Украина өкілдерінің бірі Давид Арахамия "жаңа жылға дейін шешім табуға" мүмкіндік барын айтты. Сонымен бірге ол келіссөздердің басында Ресейдің ұстанымы өте қатаң болғанын жеткізді.

Ресей делегациясының жетекшісі Владимир Мединский бұған дейін хабарланған Ресей мен Украина арасындағы ауқымды тұтқын алмасу жоспарын растады.

Мединский Ресей жағы Еуропадағы "қауіпсіздік архитектурасы" мәселесін көтергенін айтты. Оның пікірінше, бұл жүйе тиімді жұмыс істемей отыр. Ол сондай-ақ Еуропа одағының өкілдерін сынап, Ресей делегациясы Әбу-Дабиде олармен ешқандай байланыс орнатпағанын мәлімдеді.

​
XS
SM
MD
LG