Accessibility links

Адвокат: Матаевқа қарсы 274-бап бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды

Әсет Матаев
Әсет Матаев

Адвокат Рена Керимова ҚазТАГ басшысы Әсет Матаевқа қарсы “Көрінеу жалған ақпарат тарату” бабы (274-бап) бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылғанын хабарлады.

2025 жылы желтоқсанда басында ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасенов "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген. Содан бері Қасенов үйқамақта отыр, қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. 2026 жылы қаңтарда прокуратура Матаевты да үйқамаққа алу туралы өтініш беріп, кейін оны қайтарып алған. ҚазТАГ бұл істі өздеріне жасалған қысым деп санайды.

Ал осы аптада Әсет Матаевтың Алматыда төбелес кезінде соққыда жығылғаны хабарланған еді. Полицияның айтуынша, “Бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалып, төбелеске қатысушылар оның ішінде, Матаев та ұсталған.

Әзірге Рена Керимова жоғарыда аталған істер бойынша сұрақтарына жауап бермеді. Алматы полициясы да іс бойынша ақпарат бермеді.

XS
SM
MD
LG