Accessibility links

Кабулдегі хазарлар наразылығы


Кабулдегі хазарлар наразылығы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00

Ауғанстанда жеті этникалық хазарды содырлардың өлтіріп кетуіне наразы мыңдаған шеруші Кабулдегі президент резиденциясы маңына жиналды. Құрбан болғандардың сүйектері салынған табытты көтерген шерушілер «Олар бүгін бізді өлтіреді, ертең сендерді өлтіреді» деп айғайлады. Өткен жексебінде соңғы бірнеше жыл бойы «Талибан» қозғалысының өзара жауласқан топтары арасында ұрыс жүріп жатқан Забул провинциясынан төрт ер адам, екі әйел және бір баланың жансыз денелері табылған еді. Ауғанстанда азшылық топқа жататын, исламның шиит ағымын ұстанатын хазарлар діни қақтығыстар кесірінен үлкен қауіп-қатер астында өмір сүріп жатқандарын айтады. 11 қараша 2015 жыл. «Азат Ауғанстан» радиосының видеосы.

XS
SM
MD
LG