Accessibility links

Айбек Дәдебай Құрылтайдың спикері болды

Айбек Дәдебай. 28 тамыз 2026 жыл.
Айбек Дәдебай. 28 тамыз 2026 жыл.

Айбек Дәдебай I шақырылымдағы Құрылтай спикері болды. 28 тамызда Құрылтайдың алғашқы отырысы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалыққа оның кандидатурасын ұсынған еді. Ізінше депутаттар ұсынысты бір ауыздан қолдады.

Санақ комиссиясының төрағасы Жанарбек Әшімжан 145 бюллетеннің бірі жарамсыз болғанын, оны 144 депутат қолдап дауыс бергенін айтты.

46 жастағы Айбек Дәдебай бұған дейін президент әкімшілігін басқарып, кейін қызметінен кеткен. Артынша жаңадан құрылған билікшіл “Әділет” партиясына төраға болды.

Президент әкімшілігіне дейін президенттің іс басқарушысы болған. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған.

Айдар
XS
SM
MD
LG