Accessibility links

Айбек Смадияров президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Айбек Смадияров
Айбек Смадияров

Бейсенбі, 29 қаңтарда таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің көмекшісі әрі баспасөз хатшы Руслан Желдібайды қызметінен босатты. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Ізінше Айбек Смадияров президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы болып тағайындалғаны белгілі болды.

Айбек Смадияров былтыр желтоқсан ортасында президент әкімшілігіндегі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі болып тағайындалған еді. Оның алдында ұзақ жыл Қазақстан сыртқы істер министрлігінде түрлі лауазымды қызмет атқарды.

Руслан Желдібай 2022 жылдың сәуір айынан бері президенттің баспасөз қызметіне келіп, содан бері арадағы шағын үзіліспен осы қызметті атқарған. Президенттің кеңесшісі, президенттің көмекшісі қызметін де қоса атқарған.

XS
SM
MD
LG