Accessibility links

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Арнайы операция күштерінің жетекшісі Айдос Мырзахметов және президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Мамыр, 2026 жыл. Ақорда суреті.
Арнайы операция күштерінің жетекшісі Айдос Мырзахметов және президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Мамыр, 2026 жыл. Ақорда суреті.

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды. Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Айдос Мырзахметов 2024 жылдың қаңтарынан бері Қазақстан қарулы күштеріне қарасты арнайы операция күштеріне жетекшілік еткен. Оған дейін мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығы болған. 2026 жылы мамырда Тоқаев оған генерал-майор атағын берген.

27 қыркүйекте таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қызметінен босатқан еді. Қосанов 14 сарбаздың өмірін қиған Каспийдегі ауыр оқиғадан үш күн өткенде отставкаға кетті.

Каспийдегі сарбаздардың өлімінен кейін елде қарулы күштердің лауазымды бес өкілі ұсталды. Қорғаныс министрлігін "кешенді тексеретін" комиссия құрылды, оған Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева жетекшілік етеді. Комиссия жеті күнде жұмыстың алғашқы нәтижесін жариялауға міндетті.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG