Accessibility links

Air Astana ұшағының салонынан түтін шығып, дереу қонуға мәжбүр болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Air Astana ұшағының салонынан түтін шығып, дереу қонуға мәжбүр болды.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, Air Astana ұшағының жолаушылары мен экипаж мүшелері зардап шекпеген. А321N EI-KDG ұшағы таңертеңгі 7.40-та қайта қонған.

Ресми ақпарат бойынша, оқиға 17 желтоқсанда сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 рейсін орындау кезінде болған.

“Казаэронавигация” мәліметінше, экипаж мүшелері салонда түтіннің шығуына байланысты апаттық дабыл белгісін қосқан. Осыдан кейін ұшақ қайта қонған.

XS
SM
MD
LG